NASA-ның ғарыш кемесі Жерге Юпитердің таңғажайып суреттерін жіберді

АСТАНА.KAZINFORM - Жақында NASA-ның «Юнона» ғарыш кемесі Юпитерге 66-шы ұшырылымын аяқтап, газ алыбын анық көрсететін таңғажайып суреттерді жіберді, деп жазады Newsweek.

NASA-ның ғарыш кемесі Жерге Юпитердің таңғажайып суреттерін  жіберді
Фото: NASA / SwRI / MSSS / Jackie Branc © cc by

Юнона аппараты (Juno) 2011 жылы іске қосылды және бес жылдан кейін, 2016 жылы Юпитерге жетіп, 1,7 миллиард миль қашықтықты жүріп өтті. Содан бері зонд Юпитер мен оның серіктерінің жанынан өтіп, суреттер түсіріп, таңқаларлық дәл мәліметтер мен деректер жіберді.

2024 жылдың 23 қазанында өткен соңғы ұшу кезінде ол тағы да керемет нәтижелерге қол жеткізді. Құрылғы Юпитердің бесінші үлкен серігі — Амальтейге жақындады.

NASA мәліметтері бойынша, бортта «Юпитердің бұлт динамикасын және оның спутниктерінің беткі ерекшеліктерін зерттеуге, сондай-ақ ақпараттандыруға ықпал етуге» арналған «JunoCam» камерасы бар.

Juno-ның басқа аспаптары да бар, соның ішінде магнитометр мен микротолқынды радиометр.

«JunoCam» деректері Жерге жеткенде, ғалымдар тобы оны мұқият өңдеп, таңғажайып кескіндерді жасайды.

Juno жетістіктері арасында Юпитердің солтүстік полюсінен жақыннан түсірілген суреттер бар. Juno сонымен қатар Юпитердегі атақты құйын, кішірейіп бара жатқан сияқты Ұлы қызыл дақ туралы құнды деректер берді. Оны зерттей келе, зонд құйынды шамамен 200 миль (322 км) тереңдікте жатқанын көрсетті.

Миссияның аяқталуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Бұған дейін NASA станциясының Юпитердің Еуропа серігіне тіршілік іздеу үшін барғаны хабарланған болатын.

NASA ғарышкері ХҒС-тан оралғаннан кейін cырқаттанып қалып, ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар