NASA Плутон үстінен ұшып өткен видеоны жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA ғалымдары New Horizons зонды түсірген Плутон және оның серігі Харонның фотосуреттері негізінде жасалған видеоны жариялады.
None
None

New Horizons аппараты 2006 жылдың 19 қаңтарында ұшырылды. АҚШ-тың Канаверал мүйісінен ғарышқа аттанған зонд жылдамдығын сағатына 58,5 мың километрге арттырып, Жерден ұшырылған ең жылдам ғарыш аппараты атанды. 2015 жылдың шілде айының ортасында ол Плутон бетіне 13 мың километрге жақындады.

Тапсырма барысында жасалған фотосуреттер негізінде ғалымдар Плутон бедерінің үш өлшемді кескінін жасады және зондтың ұшқан бағдарын құрастырды.

Сайттағы жазбаларға сәйкес, Плутонмен танысу таулардың үстінен басталып, «Спутник Планитиа» үлкен азотты мұз жазығынан оңтүстік батысқа қарай жалғасады.

Одан кейін зонд тау жоталарымен қоршалған Ктулху Макуланың кратерлі аймақтарынан өтеді. Экскурсия солтүстікке бағытталып, одан кейін Пионер-Терра жазығы бойымен оңтүстікке кетеді, жарты шардың шығысындағы Тартар-Дорса ойпатымен аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар