Нашақорлық, есірткі саудасы, АҚТҚ және ЖҚТБ мәселелерінің жазылуы жөнінде семинар өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осымен төртінші рет өтіп отырған шара барысында осы тақырып жөнінде жазып жүрген жас журналистерге арнап Алматы қаласы ІІД-нің есірткі және есірткі саудасымен күрес басқармасының нашақорлық жайындағы хабарламасы тыңдалынып, Алматы қалалық АҚТҚ-ға қарсы күрес орталығының «АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның медициналық аспектілері» атты бағдарламасы таныстырылуда.
«Журналистер үшін кез-келген тақырыптың маңызы зор, дегенмен әр мәселенің әлеуметтік маңызы бар екені даусыз. Бүгінгі қоғам үшін маңызды мәселе боп отырған есірткі саудасы, нашақорлық, АҚТҚ және ЖҚТБ дертіне ұшыраған жандар туралы жазғанда журналистік жауапкершілікпен бірге адамгершілік қағидаларын ұстану, түсіністік өте маңызды. Өйткені, әр мәселенің артында бір адамның ғана емес, отбасының да тағдыры тұрғанын ескеру қажет. Сондықтан біздің орталық осы шара арқылы журналистермен ой-пікір алмасуды жөн көрді», дейді аталмыш орталықтың директоры Гүлсара Сүлейменова.