Насымжан Оспанова кеншілердің балаларының жағдайын білу үшін Қарағандыға барды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қаза тапқан кеншілердің балаларының хәл-жағдайын білу үшін Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды Kazinform.
Төраға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен бірлесе қаза тапқандардың туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Оқу-ағарту министрлігі тарапынан оларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық білім басқармасының жанынан Оқу ағарту министрлігінің, Білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтердің, педагог-психологтардың өкілдері қатарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсететін мобильді топ құрылған болатын.