Наталья Годунова ұлттық жобаларды жоспарлау саласындағы кемшілікті айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық жобалар аясында жоспарлау саласына әлі де назар аудару керек. Бұл туралы Мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау кезінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Елімізде жүзеге асырылып жатқан 9 ұлттық жобаға қатысты талдау жүргіздік. Екі жылдан бері мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін және жоспарлау тиімділігін қарап шықтық. Бұл тұрғыда тиімсіз шығындар жоспарлау кезеңінде болатынын анықтадық», - деді Н. Годунова.

Оның айтуынша, аудиторлық палата ұлттық жобалар бойынша жоспарлау кезеңдерін зерттеп шыққан.

«Нені жоспарлағанын, бөлінген қаражат сомасын, қандай нәтиже болғанын, қаражат қай бағыттарға жетпей қалғанын қарап шықтық. Осы орайда жоспарлау саласына әлі де назар аудару керек деген пайымға келдік. Сонда ғана біз мемлекеттік ресурстарды жұмсаудың тиімділігін арттыра аламыз. 9 ұлттық жобаға 8,1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте қаржыландыру деңгейі 100 пайыздан асып отыр», - деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте Е. Жамаубаев былтыр Республикалық бюджет кірістері 101,9% атқарылғанын айтты.

Қаржы министрі былтыр бюджет қаражаты не себепті игерілмегенін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар