НАТО Бас хатшысы АҚШ-қа жоспардан тыс сапар жасады

АСТАНА. KAZINFORM — НАТО бас хатшысы Марк Рютте АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Kazinform

НАТО Бас хатшысы АҚШ-қа жоспардан тыс сапар жасады
Фото: 1tv.ge

Бұл туралы альянстың сайтында хабарланды. 

— НАТО Бас хатшысы Марк Рютте 21-22 қазанда Вашингтонға барады. Ол АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Баспасөзпен кездесу болмайды, — деп хабарлады альянстың баспасөз қызметі.

Кездесудің тақырыбы жарияланған жоқ.

Бұл сапар Будапештте Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің ықтимал кездесуіне дайындық бәсеңдеген тұста болып отыр.

Бұған дейін Трамп екі күн ішінде Будапешттегі Путинмен кездесуіне қатысты мәлімдеме жасамақ екенін жазған едік. 

Зеленский Будапештте Трамп пен Путиннің кездесуіне қатысуға дайын екенін жаздық. 

Трамп сондай-ақ Испанияның НАТО-дан шығарылуы мүмкін екенін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар