Науалы ауылындағы мектеп учаскесінде егін жақсы шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылда мектеп жанындағы шаруашылық жұмыстары жақсы ұйымдастырылған. 40 гектар алқапқа мектеп оқушылары бітік егін өсіріп отыр. Аудан әкімінің көмегімен алынған ауыл шаруашылығы техникалары ең басты қажеттілікті өтеді.
Тағы бір атап өтерлік жәйт, мектеп оқушыларының үлгерімі өте жоғары, ҰБТ-нің 2009 жылғы қорытындысы бойынша түлектердің орташа көрсеткіші 87 балл болды. Мектептің жабықталуы лайықты деңгейде емес, ғимарат ескі, ол 1952 жылы салынған, ал мектеп жанындағы шағын орталықтың ірге тасы 1938 жылы қаланған екен. Осыған қарап, балалардың үлгерім деңгейінің « мектеп қабырғасының жаңа және жақсы жабдықталуына ғана» қатысты емес екені дәлелденіп отыр.
Дегенмен, облыс әкімі Б.Сапарбаев ауылға жаңа мектептің қажет екендігін атап өтті. Ол осы мақсат үшін жер телімін бөлуді тапсырды, ал оған қажет қаржы жергілікті немесе облыс бюджетінен қарастырылмақ.