Науқас бір күнде 52 тісін емдеткен: МӘМС аясында жалған дәрігер қабылдауын жасағандар анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл алғашқы жартыжылдықта МӘМС аясында 22 885 жалған жазба анықталды. Яғни, дәрігерлер науқас ем алды деп көрсетеді, алайда шын мәнінде ол адам медицна маманының қабылдауына өзі еркімен жазылмаған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды. Олардың ішінде пациенттерге бір күнде бірнеше рет стоматологиялық қызмет көрсету фактілері бар. Мысалы, бір науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, орындаушылар көрсетілген қызметтер санын көбейтіп жаза берген. Сол сияқты 1 қызметкер 1 600 мыңнан астам массаж қызметін көрсетті деп жазылған. Яғни, ол күніне ұзақтығы 30 минуттан 80 рет массаж жасап отырған. Ал есептеп қарасақ, бұл үшін оған күніне 40 сағат үзіліссіз жұмыс істеу керек емеспе?!», - деп анықталған олқылықтарға тоқталды Ілияс Мұхамеджан.

Сондай-ақ ол ауруханада емделіп жатқан науқастарға бір мезгілде емханада диагностикалық қызмет көрсетілгені туралы фактілер анықталғанын атап өтті. Бұған қоса, қайтыс болған адамдарды тіркеу, марқұмдарға дәрі-дәрмек тағайындау жағдайлары да әшкере болған.


Соңғы жаңалықтар