Наурыз айында күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Консультативтік синоптикалық болжамға сәйкес, 2026 жылғы наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп күтіледі.

погода, снег, ауа райы, дождь, потепление, қар, жанбыр, гололед, снег расстаял
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан шамамен 1°С жоғары, ал оңтүстік-шығыс бөлігінде нормаға жуық болады (Жетісу облысының басым бөлігінде, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында).

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, ал Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының шығысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.

Ай бойы Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы сипатта болады. Жауын-шашын түседі, кей күндері нөсер болады: елдің солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, батыс және оңтүстік жартысында жаңбыр және жаңбыр аралас қар түрінде. Жел күшейіп, боран соғып, тұман басып, көктайғақ болады.

Наурыз айының бірінші жартысында аязды күндер мен жылымықтың алмасуы байқалады.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде наурыз – «қыстың жалғасы» болып саналады: қысқа тән суық ауа райы болады. Қар жауып, боран соғып, көктайғақ болып, тұман түседі.

Дегенмен кейбір күндері көктемнің лебі сезіледі. Бірінші онкүндікте түнгі температура -28-38°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз -10-20°С-тан 0,-8°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендейді.

Батыс өңірлерде де наурыз айы құбылмалы, көктемге тән өзгермелі болады. Ай бойы суыту мен жылыну кезеңдері алмасып отырады. Бірінші онкүндікте түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+7°С-қа дейін ауытқиды.

Оңтүстік жартысында бірінші онкүндікте түнгі температура -8+2°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -3+2°С-тан -8-15°С-қа дейін, кей жерлерде -20-25°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқу күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде кей күндері күндіз +13+22°С-қа дейін, ал қиыр оңтүстікте +27°С-қа дейін жылынады. Антициклон ықпалымен қысқа мерзімді суық толқындары болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
Референдум