Наурыз мейрамына орай Астанада ауқымды дрон-шоу өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы «Қазақ елі» алаңында өткен ауқымды дрон-шоу түнгі аспанды жарқырата түсті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Наурыз мейрамына орай Астанада ауқымды дрон-шоу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың дәстүрлі мұрасын бейнелейтін жарқын композицияларын тамашалады. Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты.

Наурыз мейрамына орай Астанада ауқымды дрон-шоу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бұл образдар көшпелі мәдениетті, береке-бірлікті, күш-қуат пен ұлттық болмысты білдіреді.

Сондай-ақ, аспанда көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын айшықтайтын үш өлшемді қызғалдақ бейнесі пайда болды. Күн мен айдың көріністері күн мен түннің теңелгенін меңзейді.

Наурыз мейрамына орай Астанада ауқымды дрон-шоу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Шоудың соңында «Наурыз құтты болсын!» деген жазу көрініс тапты.

Еске салайық, Астанада 22 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар жалғасады. Негізгі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары ұсынылатын жәрмеңкелер мен фуд-корттар жұмыс істейді, шеберлік сағаттары мен дәстүрлі рәсімдер көрсетіледі.

Наурыз мейрамына орай Астанада ауқымды дрон-шоу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сол сияқты қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі және асық ату бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Айта кетейік, елордада ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар