Наурыз және Отау бағдарламалары арқылы 9 370 отбасы жаңа баспана алған

АСТАНА. KAZINFORM – «Отбасы банк» акционерлік қоғамы биылғы 11 айдың ішінде қазақстандықтарға 33 мыңға жуық ипотека несиесін берген. Үкімет отырысында акционерлік қоғамның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай дере келтірді.

баспана
Фото: freepik

— «Отбасы банктің» басты мақсатының бірі — салымшыларды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету. Банк 11 айдың ішінде 32 895 заем берді. Жалпы сомасы — 571 млрд теңге болды. Оның ішінде кезекте тұрған салымшыларға 7 861 заем берілді, — деді ол.

Банк басшысы «Отбасы банк» операторы болып есептелетін басқа ипотекалық бағдарламалар бойынша 25 034 отбасы жаңа пәтерге кіргенін атап өтті. Оның 40 пайызы «Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына тиесілі. 

— Осы арқылы 9 370 отбасы жаңа баспаналы болды. Жалпы сомасы 240 млрд теңге болды. Бағдарламаны нақты жүзеге асыру жылдың маусым айынан басталды. Келесі жылдың басында жалғасады, — деді Ләззат Ибрагимова.

 

Соңғы жаңалықтар