Наурыздан бастап 9 шекара пунктінің жұмыс уақыты өзгереді

шекара
Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады. 

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҰҚК шекара қызметі мына автомобиль өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгеріс енгізді:

Ресей Федерациясымен:
«Найза», Павлодар облысы
«Қоянбай», Абай облысы
«Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:
«Нұр Жолы», Жетісу облысы
«Достық», Жетісу облысы
«Қолжат», Алматы облысы
«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:
«Кеген», Алматы облысы.

1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пунктері сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкімет қаулысына сәйкес 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағат белдеуінің белгіленуіне байланысты енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар