Наурыздың басында қар жауып, боран соғады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM –  «Қазгидромет» 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Наурыздың басында Қар жауып, боран соғады – Қазгидромет
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.

2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ауа температурасы:

  • Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8...-23°C;
  • Шығыста, орталықта түнде -10...-26°C;
  • Оңтүстікте түнде -2...-15°C;
  • Оңтүстік-шығыста түнде -3...-10°C, таулы аймақтарда -12...-20°C.

«Қазгидромет» РМК 28 ақпандағы ауа райы болжамын жариялаған болатын.