НАУРЫЗ: Алматы хайуанаттар бағында «Жануарлар шеруі» өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Хайуанаттар бағында Наурыз мейрамы қарсаңында «Жануарлар шеруі» өтеді. Бұл туралы қалалық хайуанаттар бағының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Мерекелік күндерде Хайуанаттар бағында Шығыс күнтізбесі «жануарларының шеруі» ұйымдастырылады. Келушілер олармен суретке түсетін болады. Сондай-ақ, балалар мен ересектерге зообақ бойынша тегін экскурсия, ұлттық тағам түрлерінен дастархан, клоундардың қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар