Наурыз - барша Шығыс халқына ортақ мейрам - Н.Мамедов, «Бірлік» әзірбайжан мәдени бірлестігінің төрағасы, БҚО

Бұл туралы «Бірлік» әзірбайжан мәдени бірлестігінің төрағасы Наджап Мамедов мәлім етті.
Оның айтуынша, Наурыз мейрамы Әзірбайжан елінде де кеңінен тойланады. Бірақ әзірбайжандар Наурыз мейрамын қазақтар секілді дәл 22 наурыз күні емес, 21 наурызға тура үш апта қалғанда тойлауды бастайды. Олар бұл мейрамды төрт сатыға бөліп, олардың әрқайсысын бөлек-бөлек өткізеді. Алғашқы аптада Жел сәрсәмбәсі, одан кейінгі аптада От сәрсәмбәсі, келесі аптада Су сәрсәмбәсі, төртінші аптада Қоштасу сәрсәмбәсі оздырылады. Дәстүр бойынша Қоштасу сәрсәмбәсі 21 наурызға дейінгі сейсенбі күні өткізіледі. Сол күн жаңа жылдың алғашқы күні болып есептелетіндіктен, әзірбайжандар таңертеңмен өзен маңына жиналып, астарын ішіп, ән айтып, би билейді, түрлі ұлттық ойындарын ойнайды. Қараңғылық түскен соң әзірбайжандықтар от-алау жағып, бұған дейінгі ауру, жолы болмаушылық секілді жаман нәрселерден құтылу үшін сол оттың үстінен секіреді. Содан кейін олар үйлеріне барып, дастарқан басына отырады. Бір айта кететін жәйт, Наурыз тойда жайылған дастарқанға арақ-шарап қойылмайды және спиртті ішімдік ішкен адамды ол жерге жақындатпайды. Ас-суларын ішіп болған соң әзірбайжанның қариялары да қазақтар секілді жастарға баталарын беріп, үйлеріне тарайды. Қазақ халқындағы сияқты наурызкөже Әзірбайжан елінде де ерекше құраммен дайындалады, оны айран деп атайды. Қазақстанда етке көп мән берілсе, онда дастарқан мәзірінің негізін жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдері құрайды.
«Наурыз - барша Шығыс халқына ортақ мейрам. Қазақ бауырларға «Астарыңыз көп болсын, уайым-қайғы жоқ болсын!» демекпін. Еліміз, жеріміз аман болсын!», деді Н.Мамедов.