Наурыз мерекесі Атбасардағы 74 жастағы зейнеткер кейуана үшін соңғы күн болды

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі Атбасарда тұратын 74 жастағы зейнеткер кейуана үшін соңғы күн болды, деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі.
None
None

22 наурыз күні Атбасар қаласында тұратын «Toyota Corola» автомобилінің 29 жастағы жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргінші - 74 жастағы жергілікті тұрғын әйелді басып кетті.

Зейнеткер орталық ауруханаға «бас миы жарақаттанып, сол жақ білегі сынуы» диагнозымен жеткізілді, сонда алған жарақаттарынан көз жұмды.

Полицейлер тексеру барысында жас жігіт Салық комитетінде жұмыс жасайтынын анықтады. Ол қазір уақытша оқшаулау абақтысында отыр. Оған қатысты 2-бөлім, 296-бап бойынша «Өлімге соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар