Наурыз мерекесінде қазақ салты бойынша неке қиылды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы мен Өскеменнің әкімшілігі қазақ дәстүріне сай неке қиюдың куәгерлеріне айналды.
None
None

Наурыз мейрамында Өскемендегі алаңда ақ киіз үйде Аймагүл және Рафхат Нұғұмановтар шаңырақ көтерді.

Үйлену тойының салтын Өскемендегі Жастар орталығы ұйымдастырды.

Салтанатты ұлттық көйлек пен қалыңдықтың сәукелесі түрік үлгісінде тігілген. Ал Рафхаттың басында тақия. Мұсылман әйелдер қоғамының жетекшісі, Меккеге барып келген Гүлбарам Етекбаева бата берді. Көп балалы, Күршім ауылдық мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейтін қалыңдықтың анасына Ана мен бала орталығының бас дәрігері Рая Рахимова гауһар тасты жүзік сыйлады. Жаңа отаудың құрылуымен әкім Бердібек Сапарбаев құттықтап, жас отбасыға плазмалық теледидар тапсырды. «Жаңа отбасының шаңырақ көтеруі бейбіт мереке күні, жаңару күні болғаны қуантады. Жастар өздерінің үйлену тойларын ұлттық үлгіде өткізуді жөн санапты. Осы әрекеттерімен олар ата-бабамыздың дәстүрін еске алып, оған құрмет көрсетіп отыр», - деді әкім.

Жастар бір кеседен Меккеден әкелінген қасиетті суды ішті.

Рафхат - болашақ бағдарламашы, Ал Аймагүл мектепте «Өзін-өзі танудан» сабақ береді. Отбасын құру туралы шешімге олар бір жарым жыл дайындалған.

Соңғы жаңалықтар