Наурыз тарихты қайта жаңғыртуда - ҚР Мәдениет қайраткері О.Көлжан

АЛМАТЫ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз жаңалықтың ғана жаршысы емес, өткен күннің де таразысына айналуда.
None
None

Бұл пікірін бүгін Алматыда Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара барысында ҚР Мәдениет қайраткері Отаралы Көлжан білдірді.

«Қазір елімізде жылдан-жылға Ұлыстың ұлы күнін жалпыхалықтық мереке етіп атап өтушілер мен онда бір-біріне ыстық ықыласпен тарту ету үшін сыйлық алушылар саны өсіп келеді. Жастар мереке кезінде ата-әжесі мен әке-шешесін және өзге туыс-туғандарын құттықтап, сый-сияпат көрсетуді дәстүрге айналдыра бастады. Ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылық өте жоғары», - дейді О.Көлжан.

Оның айтуынша, қазір мереке қарсаңында өзінің туыс-туғандары үшін ұлттық киім-кешек тіктірушілер қатары артуда. Тіпті келін түсіріп, қыз ұзату сияқты өз отбасындағы үлкен қуаныштарын Наурызда жүзеге асыруға ниет етушілер саны ұлғаюда. Бұл Жаңа жылда ізгі істермен қадам басудың жарқын көрінісі деуге болады.

«Қазіргі таңда өзім оқытушылық қызмет жасайтын Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын 1989 жылы бітірген кезде Алматыда өткізілген алғашқы Наурыз мерекесіне қатыстым. Ұзақ жылғы үзілістен кейін қайта оралған халқымыздың асыл мерекесі қазір қайта жаңғыруда. Жыл өткен сайын оның мазмұны мен маңызы артып келеді. Ұмыт қала бастаған салт-дәстүр қайта жаңғырып, тарихтың жаңа беттері жазылуда», - дейді ұстаз, актер Отаралы Көлжан.

Соңғы жаңалықтар