Наурыздан бастап вакцинацияға арналған қосымша екпе кабинеттері ашылады

«Бұған дейін айтылғандай, ең бірінші кезекте вакцина медицина қызметкерлеріне салынады. Себебі олар қауіпті ошақтағы қызметкерлер саналады. Одан кейін біз мұғалімдерге, полиция қызметкерлеріне, студенттерге екпе саламыз. Одан соң халыққа вакцина салуды бастап кетеміз. Әлбетте, әр азамат қай емханаға тіркеліп тұрғанын өзі біледі. Қазіргі уақытта емханаларда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тізім дұрыс түзілуі керек. Диспансерлік топтағы азаматтар мен есептегі пациенттер айқындалуы тиіс. Біз әрине, кесте құрамыз. Бұған дейін медицина қызметкерлері бірнеше рет ескерткендей, адамдар кезек күтіп бір орында жиналып қалмауы тиіс», - деді Ләззат Рүспекова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Емханаларда коронавирус вакцинасын салуға арналған арнайы кабинеттер пайда болады.
Яғни жалпыға ортақ екпе кабинеттерінде коронавирусқа қарсы вакцина егілмейді.
«Қажет болған жағдайда әр емхана екпе кабинеттерінің санын үштен беске дейін де жеткізе алады. Бәрі де емханаға тіркелген адам санына байланысты», - деді ол.