Наурыздың 1-інен бастап Ақтөбе қаласындағы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

АҚТӨБЕ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Наурыздың 1-інен бастап Ақтөбе қаласының мектептерінде 1-4-ші сыныптардың оқушылары үшін тегін ыстық тағам ұйымдастырылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың айтуынша, облыстық бюджеттен осы мақсатқа 50 млн. теңге бөлінген.Енді қаланың 68 мектебінің бастауыш сынып оқушысы, барлығы 15000 бала мемлекет есебінен тамақтанатын болады. Ал тұрмысы төмен отбасыларының 5-8-ші сынып оқушылары да жалпы білім беру қорының есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек.
Соңғы жаңалықтар