Наурыздың 1-інен бастап студенттерге қосымша гранттар мен жеңілдікті несиелер бөлінеді ? Премьер-Министр

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Наурыздың 1-інен бастап студенттерге қосымша білім беру гранттары мен ұзақ мерзімді жеңілдікті несие тағайындалатын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының тапсырмасына сәйкес, студенттерге қосымша білім беру гранттары мен ұзақ мерзімді жеңілдікті несие бөлу бойынша шаралар қабылданғанын жеткізген Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, «Қаулы жобасында қосымша гранттарды күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын үшінші және одан жоғары курстардың студенттеріне тағайындау қарастырылған», деді. Министрдің айтуынша, гранттар аталған курстардағы білім үлгерімі өте жақсы студенттерге бөлінеді. Осы арқылы мемлекет үшінші және одан жоғары курстардағы 11500 студентті қолдау үшін мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік жоғары оқу орындарындағы ақылы бөлімде оқитын барлық мамандықтардың студенттеріне 3 млрд. теңгеден астам қаржы көлемінде грант бөледі. Сонымен қатар, қосымша жеңілдікті несие бөлу талаптары бойынша мәселеге тоқталған Ж. Түймебаев аталған ұзақ мерзімді жеңілдікті несие техникалық және медициналық мамандықтардағы барлық курстардың студенттеріне тағайындалатынын айтып өтті. Атап айтқанда, жеңілдікті несие алуға үміткер студенттер оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы яғни, мүгедек студенттер, көп балалы отбасылардың, жетім, ата-аналары мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын отбасылардың қатарынан іріктелінеді. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 15 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Соңғы жаңалықтар