Найзағай, бұршақ, жел: Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 25 мамырда еліміздің 16 өңірінде найзағай, бұршақ, тұман, күшті жел және өрт қаупі күтіледі.

күн күркірейді
Фото: Pexels

Абай облысы – батысы, солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Оңтүстік-шығысында жоғары, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы – батысы, солтүстігі және шығысында найзағай ойнайды. Күндіз жел солтүстік-шығыстан - 15-20 м/с. Түнде батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.

Ақтөбе облысы – күндіз оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с болады. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы – таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 25-27 мамыр аралығында облыс орталығында жоғары, батысы мен солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысы – батысы, солтүстігі мен шығысында жоғары, ал оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы – солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады - 15-20 м/с. Оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы – таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Шығысында жел - 15-20 м/с. Шығысы мен орталығында жоғары, шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы – таулы аудандарында найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел - 15-20 м/с. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы – түнде батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні - 16 м/с.

Қостанай облысы – түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады - 15-20 м/с. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы – солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан - 15-20 м/с. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы – батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы – түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел - 15-20 м/с. Шығысында жоғары, батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы – батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел - 15-20 м/с.

Түркістан облысы – таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Таулы асуларда жел 15-20 м/с дейін соғады. Солтүстігі мен шөлді және таулы аймақтарында өте жоғары, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы – түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел - 16 м/с. Орталығы, оңтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ескерту: Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға сақ болу және төтенше жағдайлардан сақтану ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар