Найзағай мен аптап ыстық: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 24 тамыз күні Астана қаласы мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Найзағай мен аптап ыстық: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Фото: Pixabay.com

Астана қаласында

24 тамыз күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысында

Жексенбі күні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі.

Алматы облысында

Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы бөліктерінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстігінде түнде шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік және таулы аймақтарда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді.

Солтүстік, батыс және шығыс бөліктерде жоғары, ал кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында

Жексенбі түнінің бірінші жартысында таулы аудандарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік, батыс және таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Температура 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс пен шығыста төтенше, орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында

Жексенбі күні шығысында және таулы аудандарда найзағай күтіледі.

Шығыста және таулы бөліктерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай және дауыл күтіледі.

Оңтүстікте күн қатты ысиды — 36 градусқа дейін.

Оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік-батыста жоғары, батыста төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысында

Жексенбі түнінде оңтүстігінде және орталығында найзағай болады.

Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел: түнде оңтүстігінде және орталығында — 15-20 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында — 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында

Солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі.

Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында

Жексенбі күні түнде облыстың оңтүстігінде және таулы бөліктерінде, күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында

Жексенбі күні күндіз облыс орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік-батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында

Солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында

Жексенбі күні солтүстігі мен шығысында найзағай болады.

Түнде және таңертең оңтүстігі мен батысында тұман түседі.

Күндіз батысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында

Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысында

Жексенбі күні түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады.

Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында

Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, ШҚО-да қыркүйекте күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады.

Соңғы жаңалықтар