Найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Дождь Алматы Жаңбыр осень күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклон жотасының ықпалымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің қалған бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің салдарынан күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында нөсер жауын жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысында, Атыраудың облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін аптап ыстықта басқа күн өтуден қалай сақтану керектігі туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар