Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдерінің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
— Сонымен қатар солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз елдің орталығында қатты жаңбыр күтіледі, жекелеген аудандарда дауыл мен бұршақ жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Ал солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі, — делінген хабарламада.
Күндіз Жетісу облысында 35-39 градус, Алматы облысында 35-39 градус, Жамбыл облысында 38-40 градус, Түркістан облысында 40-41 градус, Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының солтүстік-батысында, орталығында 40-42 градус, Алматы облысының батысында, солтүстігінде 42 градус, күндіз Абай облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық болады.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Бұдан бөлек Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Осыдан бұрын солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкелетіні анықталды.