Найзағай, тұман: 14 өңір мен Астанада дауылды ескерту жарияланды

13 сәуір күні Қазақстанның 14 облысында және елордада дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

күн күркірейді
Фото: Pexels

Астанада күндізгі уақытта солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетеді.

Аймақтардағы ауа райы болжамы:

Шымкентте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз найзағайлы жаңбыр, солтүстік пен шығыста күшті жаңбыр мен бұршақ болжанады. Жел 15–20 м/с, түнде ауа температурасы 0–5° жылы, батысында -3° үсік, күндіз 7–15° жылы.

Алматы облысында таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман мен -2° үсік күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай, тұман, екпінді жел 23–28 м/с дейін күтіледі.

Жетісу облысында шығысында желдің күші 15–20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, кей аймақтарда -3° үсік болуы мүмкін.

Қарағанды облысында найзағай мен тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде күндіз найзағай, түнде тұман және батысында -3° үсік болжанады.

Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл мен шквал күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең найзағай мен тұман болады.

Павлодар облысында күндіз ауа температурасы 12–17° жылыға дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, батысында -3° үсік, жел екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысында найзағай мен екпінді жел (23 м/с) күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде күшті жаңбыр мен бұршақ, түнде найзағай, тұман, жел 16 м/с болады.

Ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Қауіпті метеожағдайлар кезінде қажетсіз жерге шықпаған жөн.

Соңғы жаңалықтар