Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 16 өңірде жоғары өрт қаупі сақталады
АСТАНА. KAZINFORM — 2 маусым күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада найзағай, жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Астана қаласы: Күндіз найзағай мен жаңбыр болжанған.
Қарағанды облысы: Күндіз оңтүстікте, шығыста және орталықта найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы: Күндіз оңтүстікте, шығыста найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Батыс пен солтүстікте желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысы: Күндіз батыс, солтүстік және шығыста найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35-37°C, өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы: Түнде шығыста, күндіз батыс, солтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік-батыс пен шығыста өрт қаупі жоғары, оңтүстік, батыс және солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы: Таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысы: Оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда найзағай күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысы: Таулы аймақтарда найзағай күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары, батыс пен шығыста, таулы аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде және күндіз батыс пен солтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысы: Күндіз батыс, солтүстік және шығыста найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте қатты ыстық 35°C, солтүстікте өрт қаупі жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы: Күндіз шаңды дауыл күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, орталық пен солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы: Солтүстікте найзағай күтілуде. Күндіз қатты ыстық 38°C, облыстың батысында өрт қаупі жоғары, басқа аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы: Батыс пен солтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы: Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысы: Күндіз солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда найзағай күтілуде. Солтүстікте шаңды дауыл күтілуде. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы: Күндіз солтүстікте найзағай, жаңбыр, бұршақ күтілуде. Жел
2 маусым күні Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз шығыс бөлігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–18 м/с дейін жетеді. Облыс аумағында күндіз қатты ыстық – шамамен 35°С болады деп болжанып отыр.
Ауа райының күрт ысуына байланысты өрт қаупі де артып отыр: облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін хабарланғандай, 2 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды.