Найзағай, жаңбыр, жел: «Қазгидромет» маусымның 10-ы күнгі күн райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 10-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, антициклон сілемінің әсерінен елдің солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Елдің қалған бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюіне ықпал етеді, сондай-ақ елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Палодар облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында, оңтүстік шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік батысында, оңтүстік шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік шығысында, батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, оңтүстік батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауатыны туралы хабарладық.