13:50, 04 Сәуір 2017 | GMT +5
Назарбаев Александр Вучичті Сербия Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Вучичті Сербия Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сіздің басшылығыңызбен Сербия өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады.
Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара қарым-қатынастың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Астана мен Белградтағы кездесулерімізді жылы сезіммен еске ала отырып, елдеріміздің достығы мен ынтымақтастығы одан әрі нығая түседі деп сенемін.
Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Сербия халқына бақ-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.