«Назарбаев орталығы» мен «Джеймстаун қоры» ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат  - 2012 жылдың 10 қазанында Вашингтон қаласында көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаевтың
None
None

«Джеймстаун қорының» президенті Глен Ховардпен кездесуі өтті. Нәтижесінде екі ұйым арасында ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Назарбаев орталығының» қоғаммен байланыс жасау бөлімінен мәліметті.

Меморандум  бейбітшілікті күшейту және аймақтық қауіпсіздік, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық даму тұрғысында талдау жасау және зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бірлесіп өткізуді көздейді. Құжатта сонымен қатар озық тәжірибе саласында ғылыми зерттеу мен тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми симпозиум, семинар мен конференцияларды өткізу қарастырылған.

«Джеймстаун қоры» - 1984 жылы құрылған американдық үкіметтік емес зерттеу мекемесі. Қордың міндеті - әлемдегі оқиғалар мен тенденциялар жайлы АҚШ-тың саяси көшбасшылары мен ауқымдырақ саяси қауымдастығын ақпараттандыру.

Меморандумға қол қою қорытындысы бойынша Қ.Саудабаевтың мәлімдегеніндей, «Джеймстаун қоры» сияқты ықпалды аналитикалық орталықпен ынтымақтастық туралы біздің келісіміміз саяси, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа салаларда Қазақстан туралы, оның әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлі туралы білімді таратудағы «Назарбаев орталығының» алдында тұрған міндеттерін жүзеге асыруда маңызды қадам болды. Біздің әріптестігіміз Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті ары қарай нығайтуға қызмет етеді деп сенеміз».

Г.Ховард пен салтанатқа қатысқан «Джеймстаун қорының» жетекші ғылыми қызметкерлері осы құжат арқылы ынтымақтастыққа кең болашақ ашылғанын атап, меморандумға қол қойылғанына үлкен ризашылықтарын білдірді. 

Дәл осы күні Қ.Саудабаевтың Орталық Азияға маманданушы американдық жетекші сарапшылармен кездесуі өтті.   

Қ. Саудабаевтың атап өткеніндей,  «біздің елдеріміз 20 жыл бойғы қарым-қатынас аралығында ынтымақтастықтың ауқымды жолынан өтті және болашаққа ұмтылған кең ауқымды шынайы стратегиялық әріптестікке қол жеткізді. Қазақстан осы әріптестіктің екі елдің игілігі жолында алда да жалғасатынына сенімді».

Қазақстан-американ  әріптестігінің іргетасын қалауға негіз болған мәселе - жаппай қырып-жою қаруын таратпау және оған тыйым салу. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы болғандықтан, «Назарбаев орталығы» директоры сұхбаттастарына Елбасымыздың осы саладағы халықаралық бастамалары, сонымен бірге ҚР  Президенті  жариялаған АТОМ жобасы  туралы ақпарат берді.

Кездесуге қатысқан АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы елшісі Джули Финли атап кеткендей, АТОМ Жобасы «халықаралық масштабты бастамалар көтеретін және ол сөзсіз іске асатын ел ретінде  Қазақстанның реномесін тағы бір рет дәлелдейтін рухтандырғыш бастама».

Кездесуде елдiң әлеуметтiк жаңғыртуына Президент Н.Назарбаев бағыттап келе жатқан Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының келешегі, Орталық Азиядағы аймақтық қауiпсiздiк пен ықпалдастық, Ауғанстандағы ахуал мен Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер, сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасындағы екiжақты қарым-қатынастардың келешегі қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар