Назарбаев пен Тәуелсіздік егіз ұғым - А. Башмаков
Басқосуда сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқтала келе, онда бейбітшілік, қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту мәселелері бойынша міндеттерді қамтамасыз ету үшін барлық күшті біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Төраға орынбасарының айтуынша, Тәуелсіздіктен бері Қазақстан аяққа тұрып қана қоймай, Елбасы айқындаған саясат нәтижесінде өзінің тәуелсіздігін, саяси және экономикалық орнықтылығын нығайтумен келеді. «Менің білуімше, айтқан сөздері ешқандай талқылауларды қажет етпейтін, мәлімдемелері эталон, даму векторы ретінде қабылданатын ғалымдар, қоғам қайраткерлері, президентік деңгейдегі тұлғалар көп емес. Ал біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы дәл сондай бірегей, мың жылда бір туатын тұлға, оны саясаттың шахмат тақтасында еңбегі сіңген гроссмейстер деп атаса да болады», деді А. Башмаков. Оның айтуынша, Қазақстан Президентін еуропаның жетекші мемлекет басшылары да мойындайды. «Қазіргі күні адамгершілік, рухани, саяси, мемлекеттік сөздерінің екі синонимдік ұғымдары бар, бұлар: Тәуелсіздік пен Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл екеуі бір бірін алмастыратын ұғымдар», деді А. Башмаков.