Назарбаев университетін қаржыландыру көлемі жылдан-жылға азайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Назарбаев университетін қаржыландыруға аз қаражат бөлінді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2020 жылы Назарбаев университетін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 55 243 246,6 мың теңге, 2021 жылы – 57 384 102,2 мың теңге, 2022 жылы – 45 038 666,7 мың теңге, ал 2023 жылы – 42 571 878,8 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда қаржыландыру сомасы өткен жылдармен салыстырғанда азайды», - деп жауап берді министрлік ҚазАқпарат сауалына.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептер анағұрлым ашық болуы керектігін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар