13:35, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Назарбаев Университетінде «Білім берудің заманауи үрдістері - 2011» атты халықаралық конференция басталды
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Білім берудің заманауи үрдістері - 2011» атты халықаралық конференция басталды.
Екі күнге жалғасатын бұл алқалы жиын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Атап айтқанда, конференцияда әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарының, яғни (Ұлыбритания) Кембридж университетінің профессоры Дэвид Бриджез, Пенсильвания университетінің аға ғылыми қызметкері Алан Руби, Американдық білім беру кеңесінің мүшесі Шэрон Макдейд, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу қатысушылардың алдында дәріс оқып, пікірлерімен бөлісті. Мұнымен қоса, бұнда Варшава, Австралия, Чехия елдеріндегі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысуда.
«Білім берудің заманауи үрдістері - 2011» атты халықаралық конференцияны Назарбаев Университетінің Білім беру саясаты орталығы ұйымдастырып отыр.