Назарбаев университетінде студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Назарбаев университетінде болған студент қыздың өлімін полиция тексеріп жатыр. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

полиция ІІМ
Фото: СҚО ПД

— 24 жастағы қыздың мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деген хабар алдық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Назарбаев Университетінде студент қыз қайтыс болды

Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрап отыр.

Соңғы жаңалықтар