Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ерекше көрме ұйымдастырды

Жас ғалымдар жасаған дүниелердің барлығы «Жасыл» экономикаға негізделген. Шәкірттер өз жетістіктері туралы зияткерлік мектебіне арнайы саяхаттап келген қала оқушыларына жан-жақты айтып берді. Бірі күннің көзінен қуат өндірсе, енді бірі желдің екпіні мен судың ағысын тиімді пайдаланған.
Оқушылар химиялық жолмен табиғи емдік қасиеті бар шөптерден пайдалы май мен сабын және жақпа майлар жасауды да ойлап тапқан. Ал ақылды комбайн егінді жылдам әрі ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік береді. Ең соңғы жаңалықтары - құбыр тазалаушы робот қондырғысы. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Мәден Қуаныш өзінің роботын таныстырды.
«Құбыр тазалаушы робот әлемде еш жерде қолданылмайды. Біздің мектебімізде жасалған. Оның диаметрі толықтай тазаланатын құбырдың диаметріне келіп тұрғандықтан, құбырдың ішінде емін-еркін қозғалатын болады. Құбыр тазалаушы робот толықтай электр энергиясында жұмыс істегендіктен, ол экологиялық таза өнім болып табылады»,-дейді өнертапқыш өрен.
№ 65 гиманзия оқушысы Дариға Мырзалы осындай мектепте оқығысы келетінін айтты. «Мен осы жерде оқығым келеді. Өйткені мұнда өте қызық. Техникаға, адамдардың өміріне маңызды нәрселер көп. Өзім соны жасап, Қазақстанда адамдарға ең керек технология болса дегім келеді»,-дейді талапты оқушы.