Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен Талғар ауданының тұрғыны ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен Талғар ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен Талғар ауданының тұрғыны ұсталды

Алматы қаласы мен Талғар арасында көлігімен жолаушы тасумен айналысатын күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу-іздестіру тобы Медеу аудандық ІІБ қызметкерлерімен біріге отырып күдіктіні ұстап, оны уақытша оқшаулағышқа қамады.

Күдікті Назеркені сол күні қалаға жеткізіп салмақ болған.

Жарты жолда бойжеткенді зорлап, буындырып өлтіріп Кеңсай зираты жаққа апарып тастаған.

«Ұсталған адам өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді қалалық ІІД-нің басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Айта кету керек, 10 шілде күні 18 жастағы Назерке Әріп Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып сол бетте оралмаған . Кейін 6 қыркүйекте Назеркеге ұқсайтын қыздың денесі Кеңсай зиратынан табылды.