Назым Қызайбай әлем чемпионаты финалына үшінші мәрте шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай (48 келі) финалға жолдама алды.

Жекпе-жек барысында Назымның белсендігі байқалды.
Бірінші және екінші раундта төрешілердің басым бөлігі оның жеңісіне қолдау білдірді.
Нәтижесінде жекпе-жек Назымның басымдығымен аяқталды.
Назым Қызайбай бұған дейін әлем біріншілігінде бес мәрте бақ сынаған. Екі мәрте 2014, 2016 жылдарда чемпион атанса, 2012 жылы қола жүлдегер болды. 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) финалына жолдама алды.
Енді ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (50 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сынға түседі.
Ширек финалда Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі) жарысты аяқтады.
Сондай-ақ оған дейін Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберді.