Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі) ширек финалға шықты.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Мажарстан боксшысы Лила Зелецкийді жеңді. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды.
Енді Назым 12 қыркүйек күні шаршы алаңға шығады.
Қазірге дейін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ кешкі сессияда төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады.
50 келі. Санжар Тәшкенбай — Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова — Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов — Патрис Мугалзай.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.