Назым Қызайбай лицензиялық турнирге жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елорда төрінде Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу жекпе-жектері өтіп жатыр.

назым
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Аталған турнирде әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз анықталды.

Бұл салмақ санатында Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова Таиландтағы іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін сарапқа салған еді. 

Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жеңіске жетті. 

назым қызайбай
Фото: ҰОК

Осылайша, Таиландтағы іріктеу сынына Назым Қызайбай аттанады. 

Сонымен қатар ерлер арасында 63,5 келідегі кездесуде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Ертуған Зейнуллиновті 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетелік, Зейнуллинов Базарбайұлына ел Спартакиадасында да есе жіберген еді.

Енді жартылай финалда Базарбайұлы Жандос Қыдыралиевпен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше аталған турнирге қатысатын боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өткенін жазған болатынбыз.

Жекпе-жектер әр күні сағат 16:00-де басталады. Спаррингтер жабық түрде өтеді.

Алайда БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер үшін QAZSPORT телеарнасында жекпе-жектер тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар