11:55, 26 Қараша 2015 | GMT +5
«NCOC» басқарушы директорының лауазымына «ЭксонМобил Қазақстан» басшысы келеді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «NCOC N.V.» компаниясының басқарушы директоры Стефан де Майе орынтағын босатады, деп хабарлады Атырау облысында Қашаған теңіздік кен орнын игерумен айналысатын компанияның баспасөз қызметінен.

«Бұл орынға «ЭксонМобил Қазақстан» компаниясын басқаратын Бруно Жарден келеді деп болжануда», деді баспасөз қызметінде.
Стефан де Майе «NCOC N.V.» компаниясын 2014 жылғы мамырдан бастап басқарып келді. Оған Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтатылуына себеп болған кемшіліктерді жою міндеті қойылған болатын.