Негізгі капиталға бағытталған инвестиция 26,2 пайызға артқан

АҚТАУ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтарындағы негізгі капиталға инвестиция қосымша бағаны есептегенде 16948 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 26,2 пайызға артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Негізгі капиталға инвестиция құрылымында құрылыс және ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар басым түседі ? ол 37,8 пайызды құрайды, машиналар мен жабдықтар сатып алу - 18,8 пайызды, басқа күрделі жұмыстар мен шығындар инвестицияның жалпы көлемінің - 43,4 пайызын құрады,оның ішінде геологиялық барлауға 27,0 пайызы жұмсалды.Биылғы жылдың қаңтарында негізгі капиталдағы инвестиция негізінен кен өндіру өнеркәсібінің объектілеріне бағытталды ? ол жалпы көлемінің 47,8 пайызын құрады. Ал жылжымайтын мүлікпен операцияға -42,3 пайызы, көлік және байланысқа - 0,7 пайыз, құрылысқа ? 5,8, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіне ? 0,3 пайызы жұмсалды. Негізгі капиталдағы инвестицияны қаржыландырудың басты көзі шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары болып табылады, ол жалпы көлемінің 61,1 пайызын құрады. Шетел инвестициясы ? 34,2, қарыздық қаражаттар ? 4,3 пайыз болды. Жеке меншік түрдегі шаруашылық субъектілерімен инвестицияның жалпы көлемінің 47,7 пайызға жуығы игерілді. Қызметін Маңғыстау облысының аймағында жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің үлесіне 51,9 пайыз тиеді, мемлекеттік сектордың үлес салмағы 0,4 пайыз болды.
Соңғы жаңалықтар