Негізгі Заңның ережелері қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін іргелі қағидаттар жүйесін құрайды - Игорь Рогов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Негізгі Заңның ережелері қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін іргелі қағидаттар жүйесін құрайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жаңа Қазақстан мемлекеттілігінің бастауында тұрған және қолданыстағы Конституцияның жобасын әзірлеуде идеологиялық шабыт берген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені белгілі. Ол бұл күрделі жұмысты басқарып қана қоймай, жеке өзі конституциялық құрылыстың тәжірибесін зерттеп, Конституцияның мәтінімен кәсіби түрде жұмыс жасады және оны Қазақстан халқы республикалық референдумда қабылдағаннан кейін ол Негізгі Заңның нормаларын жүзеге асыруда табандылық танытты», - деді профессор Игорь Рогов елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік модернизациялаудың іргелі негізі» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияда.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары «constitutio» сөзі латын тілінен аударғанда «құру»,«бекіту» деген мағынаны білдіретінін айтты. Негізгі заңның ережелері қоғам мен мемлекет дамуының іргелі қағидаларының жүйесін құрайды және олардың тиісті түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттілікті, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтады.

«Екінші жағынан алып қарағанда, кез келген қоғам мен мемлекет қажетті саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және басқа жағдайлардың жетілуіне қарай заманауи сын-қатерлер мен тенденцияларды ескере отырып дамуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, біз өмірдің негізгі салаларын жаңарту үшін терең реформалар, оның ішінде конституциялық реформалар жүргізілген кезде тұрақтылық пен динамизм арасындағы диалектикалық қайшылықты үнемі байқап отырамыз», - дейді Игорь Рогов.

Ол Қазақстанның қазіргі конституциялық және құқықтық дамуындағы ерекше айқын үрдістерді атап өтті

1. Жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналатын демократиялық және құқықтық мемлекетті кеңінен құру.

2. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының рөлін, тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы кейбір функцияларды орталықсыздандыру және қайта бөлу арқылы президенттік басқарудың демократиялық модернизациясы.

3. Қолданыстағы заңнамада, құқық қолдану практикасында, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметінде конституциялық ережелерді максималды түрде жүзеге асыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, конституциялық нормаларды, оларда бекітілген конституциялық құндылықтарды нақты мазмұнмен толтыру.

4. Мемлекеттегі конституциялық патриотизмді мақсатты түрде қалыптастыру. Оның негізгі қағидаттары – бұл заң мен құқықтың тәртіптің үстемдік құруы, жалпыға ортақ заңға бағыну және қауіпсіздік, бостандық пен жауапкершілік.

5. Конституцияны түсіну мен нақтылауда, оның үстемдігі мен тікелей әрекетін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын конституциялық бақылау, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту. Негізгі Заңда белгіленген миссия мен функцияларды орындау кезінде көрсетілген мемлекеттік органдар бір жағынан конституциялық ережелер мен құндылықтардың мызғымастығын қамтамасыз етеді, екінші жағынан, құқық қолдану процесінде олар заңнаманы және құқық қолдану практикасында қазіргі заманғы жүйелік қағидаттардың қалыптасуына ықпал ететін қолданыстағы конституциялық тұжырымдамалар шеңберіндегі мазмұнды байытады.

«Сонымен, Конституция да, Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуы да, олардың негізінде біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктері де - осының барлығы ұлттық көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйелі жұмысының нәтижесі. Ол құрған Қазақстан мемлекеттілігінің құқықтық негіздері қоғам мен мемлекеттің, соның ішінде жаһандықтың даму процесінде туындайтын барлық қиындықтарды ойдағыдай шешуді қамтамасыз ететін өзек. Ал республиканың қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саяси бағыттың сабақтастығы Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуіне кепілдік береді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар