Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3% артты

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 543,1 млрд теңге болып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

инвестиция
Фото: Миллий статистика қўмитаси

Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты – 7 320,3 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 63,4%. Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5%.

Инвестиция өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында (49,3%), Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалды.

Қаражаттың басым бөлігі ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталды – 68,3%. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.

Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие. 

Айта кетелік 8 айда негізгі капиталға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылған еді

Соңғы жаңалықтар