Некені бұзу кезінде судьяларға психологтар кеңес беретін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тартуды ұсынды.
None
None

«Психологтар сотта кімді татуластыруға болатынын айтып отырсын. Судья ажырасқалы жатқан жұптардың жарасуына уақыт беріп, психологпен тілдесуге жіберсін. Содан кейін ғана олардың некесін бұзуға болатынын не болмайтынын шешсін», - дейді Алименттер өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша, елімізде жыл сайын 50-55 мың жұп ажырасады. Жылына үйленетін жұптар саны 120 мың.

Қазіргі уақытта 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Ал олардың алдындағы ата-аналардың алимент қарызы 1,8 млрд. теңгеге жуықтайды. Жетімдер үйінде 32 мың бала тұрып жатыр, олардың 70 пайызында ата-аналары бар. 

Соңғы жаңалықтар