Неліктен кейбір елдің паспорты басқаларға қарағанда күштірек? — шетелдегі қазақ баспасөзі
Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Бұл жұмбақ ирандық қамал сізді көне заманға жетелейді — ParsToday
Рудхан Фуман қамалы Гилан облысындағы көптеген туристі қызықтыратын орындардың бірі, деп жазды ParsToday ақпарат агеттігі.

Ирандық басылымның дерегінше, Рудхан қамалы ұзын қабырғалары мен тылсым да айбынды құрылымымен «Мың қадам» сарайы стратегиялық орналасуына байланысты ешбір шайқаста бағындырылмаған ескі қорғаныс ғимараты.

ParsToday Иранның солтүстігіндегі Гилан облысындағы осы берік және тұрақты тарихи тартымдылық туралы тоқталады.

Рудхан бекінісі немесе Хесами қамалы — Рудхан ауылындағы Фуман уезінің орманды биіктерінен жоғары тұрғызылған Сасанидтер империясы (б. з. 224-651 жж.) дәуіріне жататын қамалдың атауы. Оның, ауданы 2,6 га, 65 мұнарасы мен қорғандары мен қабырғасының ұзындығы 1,5 метр. Қабырғалар мен мұнаралардың айналасында балқытылған материалдарды құюға және түсіруге арналған еңіс тесіктер бар. Бұл қамал Фуман қаласынан 30 шақырым жерде.
Рудхан қамалында 65 мұнара мен ұзындығы 1500 метр қабырға бар.

Қале Рудхан ауылының тұрғындары талаши тілінде сөйлейді, кейбір мамандар қамал Сасанидтер дәуірінде салынған және арабтардың Иранға басып кіруімен тұспа-тұс келген деп есептейді.
Қамалдың солтүстік-шығыс шетінде өте әдемі екі қабатты ғимарат бар, ал оның оңтүстік жағында үңгір бар тау бар, жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, бұл бұрын шабуыл кезінде қамалға белгі беретін күзетшілердің орны болған.
Ирандық баслым бұл шағын таныстыруында Рудхан қамалына қалай баруға болатыны туралы да мәліметтер берген.
Қытайға визасыз кірген шетелдіктердің саны екі есеге артты — «Халық газеті»
Ұлттық статистика бюросы 28 ақпан күні жариялаған 2024 жылғы Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму статистикасы бюллетенінде 2024 жылы елге визасыз кірген шетелдіктердің саны 20,12 миллион болып, 112,3% өскен, деп хабарлайды «Халық газеті» басылымы.

Сондай-ақ осы аптада «Халық газеті» басылымында «2024 жылы Қытайдың ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда 5,0%-ға өсті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму статистикасы бюллетенін шығарды. Алдын ала есеп бойынша, 2024 жылы ЖІӨ 134,91 триллион юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 5,0%-ға жоғарылаған.
Қазақстан мен Өзбекстан төрт жаңа сауда дәлізін ашады — ӨзА
Өзбекстан Қазақстанмен тауар айналымын кеңейту мақсатында төрт жаңа сауда өткелін ашуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бахтиёр Ибрагимов Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.
Хабарламада айтылуынша, дипломатиялық миссия басшысы Өзбекстан тарапы ұсынған, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бастамалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Мұндай шаралар тауар айналымының артуына тікелей ықпал етеді.
Бүгінде Өзбекстанда Қазақстан капиталының қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға да оң әсер етеді.
— Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында жалпы 4,2 миллиард доллар көлемінде тауарлар мен қызметтер саудасы жүргізілді. Сол кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 1,4 миллиард доллар көлемінде өнім экспорттады, — деп жазады өзбекстандық БАҚ.
Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Руслан Абдуллаев кәсіби бокстағы дебютінде жеңіске жетті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.
Аталған ақпарат көзінің дерегінше, АҚШ-тың Калифорния штатында кезекті кәсіби бокс турнирі өтіп жатыр.

Әуесқой бокста әлем чемпионы атанған қандасымыз Руслан Абдуллаев осы турнирде рингке көтерілді.
Кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізген Абдуллаев мексикалық Хосе Валензуэла Альварадомен кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында Руслан Абдуллаев қарсыласын жойқын соққымен техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, Руслан Ануарұлы Абдоллаев 2002 жылы туған, өзбекстандық әуесқой боксшы, ұлты қазақ, бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, бокстан Азия чемпионы (2022 ж), Өзбекстан және халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері.
Неліктен кейбір паспорттар басқаларына қарағанда күштірек? — TRT
Миллиондаған адам күн сайын төлқұжатымен шекараны кесіп өтсе де, кейбір төлқұжаттар иелеріне көбірек саяхат еркіндігін ұсынады. Бұл айырмашылықтың себебі не?
Бұл сұрақтың жауабын осы аптада «trt.global» басылымы берген екен.
Аталған БАҚ-тың дерегінше, «Henley & Partners» және «Arton Capital» жариялаған төлқұжат индекстері визасыз елдер санына негізделген төлқұжаттардың күшін өлшейді. Сингапур және Жапония сияқты елдердің төлқұжаттары 190-нан астам елге визасыз кіруге мүмкіндік берсе, Ауғанстан, Сирия және Пәкістан сияқты елдердің төлқұжаттары қозғалысты шектейді.
«Henley & Partners» өкілі Бурак Демирел индекс деректерінің Халықаралық әуе көлігі қауымдастығынан алынғанын және әртүрлі дереккөздер арқылы қолдау көрсетілетінін айтады.
Сондай-ақ, түркиялық басылымның мәліметінше, паспорт күшіне әсер ететін факторларға экономикалық тұрақтылық, екі жақты сауда көлемі, халық саны және виза шарттарын бұзу статистикасы кіреді.
— Көші-қон жөніндегі сарапшы Угур Алтундал Жалпы ішкі өнім көрсеткіші жоғары елдердің төлқұжаттары күштірек, өйткені бұл елдерден қажетсіз көші-қон қаупі төмен екенін айтады. Кейбір елдердің Шенген визасына қатысты мәселелері ұлттық бірегейлік пен мәдениетке негізделген кемсітушілік саясаттың бар екенін көрсетеді. Саяси тұрақсыздық пен ішкі жанжалдар төлқұжат күшіне де кері әсер етеді, — деп жазады trt.global.