Неміс азаматы өз басынан оқ тауып алды

Полиция тергеу амалдарын бастап кетті. Алдан ала ақпарат бойынша, ер азаматтың басына оқ 2004 немесе 2005 жылдың жаңа жыл түнінде тиген. Зардап шеккен азаматтың айтуынша, бірнеше жыл бұрын - Жаңа жыл қарсаңында ол Херн қаласының орталығында келе жатып, желкесіне тиген соққыны сезінгенмен, оған мән аса мән бермеген екен.
Полицияның жорамалдауынша, аталмыш азаматқа қастандық жасалмаған, ол тек жаңа жылдың келуін тойлап жүргендердің әуеге атқан шағын калибрлі оғының кездейсоқ құрбаны болуы мүмкін. Ер азаматтың тірі қалуына оқтың бас терісі мен бас сүйектің арасында кептеліп қалуы себеп болған сыңайлы. Бірнеше жылдан кейін оқ тиген жер сыздап ауырып, осының салдарынан ғана ол дәрігерге қаралған екен. Бас сүйектен алынған оқ сараптамаға жіберілді. Криминалистер қару маркасы мен оның қожайынын анықтауға мүмкіндік болатынына сенім білдіріп отыр.