Неміс БАҚ-тары: Қазақстан «Берлиналеге» мықты кино ұсынды

«Берлиналедегі» бұл оқиға әзірге қазақстандық кинематографтың Кинематография және ғылым академиясының «Оскар», Венеция және Канн кинофестивальдары сияқты беделді фестивальдардың арасындағы тұңғыш жетістігі болып отыр.
Қазақстандық фильмді алғашқы көру үстінде көптеген киносыншылар, сондай-ақ көрермендер де жас режиссер Эмир Байғазиннің фильмінің кинофестивальдің жетекші жүлделерінің бірін алуына барлық мүмкіндігі бар екенін атап өте отырып, таңдай қақты.
Атап айтқанда, «Berliner Zeitung», «Die Welt», «Kurier» сияқты неміс баспалары «Қазақстан мықты кино ұсынды - Эмир Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» бұған тамаша дәлел» деп жазды. Фильмді қарағанннан кейін неміс көрермендері қазақстандық кинематографтың болашағы зор, сондықтан жас режиссерлер қол жеткенге тоқталып қалмай, қалыптасқан брендті әрі қалай жалғастыруы тиіс, деп атап көрсетті.
Отандық кинорежиссердің картинасын қолдауға үлкен қазақстандық делегация келді, оның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының директоры Ермек Аманшаев, Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы елшісі Нұрлан Оңжанов және басқалар, Қазақстанның неміс достары және студенттер болды.
Тұтастай алғанда, кинофестивальға әртүрлі елдерден 400-ден астам фильм қатысты. «Берлинале» қазылар алқасының құрамында неміс кинорежиссері Андреас Дрезен, американдық актер Тим Роббинс және ирандық киноқоюшы Шырын Нешат болды. Қазылар алқасының төрағасы қытайлық режиссер және журналист Вонг Карвай. Берлин халықаралық кинофестивалі - «Берлинале» 1951 жылдан бері жыл сайын Берлинде өткізіліп келеді. Негізгі жүлде «Алтын аю» - Берлин қаласының символы. «Күміс аю» үздік режиссер, үздік оператор, үздік актер, үздік актер әйел, үздік музыка және өнер саласындағы көрнекті жетістіктері үшін деген 6 аталымда беріледі.
«Биылғы жылы «Алтын аю» сыйлығын румындық режиссер Калин Петер Нецердің «Эмбрион келбеті» фильмі жеңіп алды.