11:07, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Неміс бизнесмендері Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесті
ПАВЛОДАР. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысына Германиядан келген бизнес-делегацияның мақсаты - екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, нығайту, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

«Біз Қазақстанмен стратегиялық әріптеспіз. Сіздердің облыстарыңыздағы инвестициялық климат пен өндірістік құрылым ұзақ ынтымақтастықты көрсетеді», - деп атап өтті Германияның экономикалық және технология Федеральді министрлігі ТМД елдерімен ішкі экономикалық байланыс жөніндегі департамент жетекшісінің орынбасары Франк Вайзиг.
ГФР инвестор-кәсіпкерлердің таныстырылымында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Германия канцлері Ангела Меркельдің Қазақстанға жасайтын сапарына дейін екі елдің экономикалық байланыстары нығая түседі дегенге үмітін білдірді.
Павлодар облысы мен Германия Федеративті Республикасы кәсіпкерлерінің арасындағы 2009 жылғы ішкі айналымдағы сауданың көлемі 139 млн. долларды құраған.