Немістің «C.Illies&Co» компаниясы Жамбыл облысына жүгері кепітретін жабдық жеткізеді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Германияның «C.Illies&Co» компаниясы Жамбыл облысына жүгері кептіретін жабдық жеткізеді. Бұл жөнінде облысқа ГФР-дың Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг бастаған неміс делегациясының сапары барысында белгілі болды.
None
None

Жамбыл облысындағы Мерке ауданында сервистік-дайындау базасында «Дарқан дала» ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында құны 20 млн. теңге тұратын жүгері кептіретін қондырғы орнату жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Әсілбеков.

«Оңтүстік» ӘКК қазірдің өзінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға алғашқы жарна ретінде жабдық құнының 15 пайызын қаржыландыру жөнінде шешім қабылдады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, Жамбыл облысында жыл сайын 70 мың тоннаға дейін жүгері өсіріледі, бірақ егінді кептіріп, өңдеу мәселесі бұған дейін шешілмей келген болатын. Енді өңдеу мүмкіндігі болса, жүгері егістігінің көлемін ұлғайтудың сәті түсетін реті бар.

Соңғы жаңалықтар