Неміс компаниялары қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтпек

АСТАНА. KAZINFORM — Германияда ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялардың 80%-ы және өнеркәсіптік өңдеу саласындағы әр екінші компания өз қызметкерлеріне аптасына кемінде бір күн үйден жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп жазды DW.

Неміс компаниялары қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтпек
Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Мангейм қаласындағы Еуропалық экономикалық зерттеулер орталығының (ZEW) зерттеуінде айтылған.

Хоум-офис форматы ең алдымен 100 адамнан астам қызметкері бар фирмаларда кең таралған.

Алдағы екі жыл ішінде неміс компанияларының шамамен үштен бірі үйден жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтуді және қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің санын арттыруды жоспарлап отыр. Дегенмен, шамамен 10% компания мұндай мүмкіндіктерді қысқартқысы немесе мүлдем жоюды көздейді.

Сонымен қатар, кейбір компаниялар қашықтан жұмыстың мүмкін болатын теріс әсерлеріне де назар аударады, мысалы, бұл өнімділікке және командалық өзара әрекеттестікке кері әсер етуі мүмкін.

Дегенмен, сауалнамаға қатысқан компаниялардың жартысынан астамы аралас (гибридті) жұмыс форматының білікті мамандарды тартуға оң әсер еткенін атап өтті.

Ал Токиода бала туу көрсеткішін арттыру үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар